Роналду ПСЖ сапына ауысқысы келіп отыр

Сурет: Reuters
Франциялық "Ювентус" командасының шабуылшысы Криштиану Роналду париждік ПСЖ сапына ауысқысы келіп отыр, деп жазады Bleacherreport.com порталы. 

Негізі мұндай ақпаратты өткен аптада France Football басылымы жазған еді. Ол материалда Роналдудың команданың қазіргі жағдайына көңілі толмайтыны айтылған. 

Бірақ команда тізгінін Андреа Пирло ұстағаннан кейін, жағдай өзгеруі мүмкін. Қазір Роналду қайта ойланып жатыр екен. 

Бірақ, оның агенті Жорже Мендес Португалияда өтетін Чемпиондар лигасы турнирі кезінде ПСЖ басшыларымен кездесіп, сөйлеседі екен. Ол әңгіме барысында агент франциялық клубтың қанша жалақы және қанша жылға келісімшарт беретін анықтайтын болады. 

Айта кетейік, Роналдудың "Ювенус" клубымен 2022 жылғы маусымның соңына дейін келісімшарты бар. Биыл ол Италия біріншілігінде 33 ойынға қатысып, 31 гол соқты. "Ювентус" болса "Италия" біріншілігінде тағы топ жарды. 

Бірақ оның командасы Чемпиондар лигасының ширек финалына шыға алмады. "Лионмен" өткен екі кездесудің қорытындысы 2-2. Бірақ сырт алаңға соғылған голдың арқасында франциялық клуб келесі кезеңге шығып кетті. 
Метки: