"Реал" Пауло Дибаланы сатып алуды көздеп отыр

Пауло Дибала. Фото: ©Reuters
Мадридтік "Реал" туриндік "Ювентустің" шабуылшысы Пауло Дибаланы сатып алмақшы,- деп хабарлайды Sport Mediaset. 

26 жастағы футболшы үшін "корольдік клуб" Тони Кросс немесе Исконың италиялық клубқа беруге дайын. Мұндай жағдайда Дибаланың құны 100 миллион еуроға дейін төмендеуі мүмкін. 

Бірақ "Ювентус" Дибаланы сатқысы келіп отырған жоқ. Оның үстіне жуырда командадан Криштиану Роналду кетуі мүмкін деген мәлімет бар. Сол үшін де биыл Италия біріншілігінде ең құнды ойыншы атанған Паулоны "Ювентус" қалай болса да құрамында қалдырғысы келіп отыр. 

Сол үшін де "Ювентус" шабуылшыға жаңа келісімшарт ұсынды. Жаңа шартнама бойынша ол жылына 12 миллион еуро жалақы алады екен. 

Дибаланың қазіргі келісімшарты 2022 жылы аяқталды. Ол биыл Италия біріншілігінде 33 кездесуге қатысып, 11 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген. 







Метки: