Поль Погба "Ювентусқа" қайта оралуға ниетті

"Манчестер Юнайтедтің" жартылай қорғаушысы Поль Погба жақын арада командадан кеткісі келеді,- деп хабарлайды The Times.

Газеттің хабарлауынша, француз футболшысы "Ювентусқа" оралғысы келеді, егер англиялық клубты келіссөз жүргізуге көндіре алса. Өз кезегінде, Туриндік клуб та Погбаны командадан көргісі келеді. Сонымен бірге "Реал" мен "Пари Сен-Жермен" де футболшыға қызығушылық танытып отыр.

Погба 2012-2016 жылдар аралығында "Ювентустың" жейдесінде өнер көрсетті. Ол италиялық клубқа "Манчестер Юнайтедтен" еркін агент ретінде қосылды, бірақ 2016 жылы 105 миллион еуроға қайтадан англиялық клубқа ауысты.

Бұған дейін Погбаның агенті Мино Райола ойыншының "Ювентусқа" қайта оралуы мүмкін екенін айтқан болатын. Осы маусымда 27 жастағы жартылай қорғаушы Англия Премьер-лигасында 8 матч өткізіп, бір гол соқты.
Метки: