Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду коронавирустан емделіп шыққан соң, "Ювентус" сапында екі гол соқты,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Италия біріншілігінің алтыншы турында "Ювентус" командасы "Специямен" кездесті. Чезене қаласында өткен бұл ойын 1:4 есебімен туриндік команданың пайдасына аяқталды.
"Ювентус" сапында Альваро Мората (14- минут), Криштиану Роналду (59-минут, 76-минут, пенальти) және Адриан Рабьо (68-минут) гол соқса, алаң қожайындары сапында Томмазо Побега (32-минут) көзге түсті.
Бұл жеңістен кейін "Ювентус" командасы 12 ұпаймен үшінші орынға көтерілсе, "Специя" бес ұпаймен 17-орында тұр.
8-қараша күні өтетін жетінші турда "Ювентус" сырт алаңда "Лациомен" кездессе, "Специя" ұжымы "Беневентомен" ойнайды.
Италия
2 қараша 2020 12:35
Індеттен айыққан Роналду "Ювентус" сапындағы бірінші ойынында екі гол соқты
Сурет "Ювентус" сайтынан алынды.