Мората "Ювентуске" қайта оралуы мүмкін

"Ювентус" "Атлетико Мадридтің" шабуылшысы Альваро Моратаға қызығушылық танытып отыр,- дейді Calciomercato.

Дереккөздің хабарлауынша, Мората - жазғы трансферлік терезеде клубтың шабуыл шебін күшейту нұсқаларының бірі. Еске салайық, шабуылшы бұған дейін 2014 жылдан 2016 жылға дейін «Ювентус» сапында ойнаған. Сонымен қатар, Италиялық клуб Аркадиуш Милик ("Наполи") және Эдин Джеконы ("Рома") да өз бақылауында ұстап отыр.

Мората "Атлетикоға" 2019 жылдың қаңтарында "Челси" клубынан 7 миллион еуроға жалда ойнау үшін ауысып келген болатын, 2020 жылдың жазында Мадридтік клуб шабуылшыны сатып алды. Өткен маусымда 27 жастағы Мората Испания чемпионатында 34 ойынға қатысып, 12 гол соғып, 2 голдық пас берді
Метки: