auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Миландық дербиде" "Интер" жеңіске жетті

Футболдан Италия чемпионатының VIII турында "Интер" мен "Милан" кездесті.

"Миландық дербиде" "Интер" жеңіске жетті
speemedia.com
Футболдан Италия чемпионатының VIII турында "Интер" мен "Милан" кездесті. Тартысқа толы өткен миландық дербиде Интер 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Ойында "Интер" сапынан Мауро Икарди (28, 63, 90 минуттарда (пенальти)) үш гол соғып, хет-трик орындады. Ал "Милан" командасы қатарынан Сусо (56 минут) мен Джакомо Бонавентура (81 минут) бір-бір голдан соқты.

22 ұпай жинаған "Интер" турнир кестесінде екінші орынға шықты. 2 ұпайы артық "Наполи" көш басында келеді. "Милан" болса 12 ұпаймен 10-орында тұр.

"Интер" мен "Милан" арасындағы бұл кездесу Италия футболы тарихындағы ең табысты ойын ретінде рекорд жаңартты. Билет сатылымынан түскен қаржы 4,8 миллион еуроны құраған. Осыған дейінгі рекорд та "Интерге" тиесілі болатын. 2016 жылы "Ювентуске" қарсы ойында билет сатылымынан 3,9 миллион еуро табыс түскен болатын.



Айта кетейік, Милан қаласының атынан өнер көрсететін "Милан" және "Интер" клубтарының арасындағы текетірес қашан да жоғары.

Екі клубтың ішінен бірінші болып "Милан" құрылған. Араға 9 жыл салып, клуб ішіндегі жанжалдан кейін Джорджо Муджианидің басшылығымен бір топ ойыншы "Миланнан" бөлініп шығып, "Интернационале" (қысқаша атауы "Интер") деген команданың негізін қалайды. Осылайша ұжым ішіндегі жанжал, алаңдағы текетіреске ауысады. Ал, екі клубтың жанкүйерлері әлеуметтік жағдайына орай бөлініп алған. О бастан "Миланды" елдің оңтүстігінен келген еңбек мигранттары мен жұмысшы тап өкілдері қолдаса, "Интерді" қаланың байырғы және дәулетті тұрғындары қолдаған. Әлі күнге дейін бұл ұжымдардың кездесулерінде спорттық бәсекелестіктен бөлек, әлеуметтік бақталастықтың сипаты байқалады. Жанкүйерлердің қарсыластарына берген лақап аты да соны байқатады. "Интерді" қолдаушылар "Милан" жақтаушыларын "Ебедейсіз" ("Бұрауыш", "Casciavìt") десе, олар "Интерліктерді" "Мақтаншақ" ("Бөспе", "Bauscia") деп атайтын көрінеді.

Екі команда 1910 жылдан бері өзара 219 ойын өткізіп, 78 ойында "Интер", 75 ойында "Милан" жеңіске жеткен. 66 ойын тең есеппен аяқталған.

Айта кетерлігі, миландық клубтар үйдегі ойындарын бір алаңда, "Джузеппе Меацца" (ескі атауы"Сан-Сиро") стадионында өткізеді. Даңқты Джузеппе Меацца кезінде "Интер" сапында доп тепкендіктен "Милан" жанкүйерлері стадионды ескіше "Сан-Сиро" деп атауды жөн санайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар