Португалиялық маман Жозе Моуринью италиялық "Рома" командасының бас бапкері атанды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
Маман жаңа командасымен 2024 жылдың жазына дейін келісімшарт жасаған. Ол қызметіне 2021/22 жылғы маусым басталар алдында кіріседі.
Айта кетейік, бұған дейін Моуринью ағылшындық "Тоттенхэм" командасының бас бапкері болып, өткен айда қызметінен босатылған болатын.
Ал римдік команда бүгін Паулу Фонсеканың маусым соңында қызметінен кететінін хабарлады.
Моуринью осыдан он жыл бұрын Италияда жұмыс істеді. Ол "Интер" командасын жаттықтырып екі рет Италия чемпионатын, Италия кубогі мен Суперкубогін және Чемпиондар лигасын жеңген.