Келіссөздер әлі басталмаған. Бірақ екі тарап келісімшарттың ұзартылатынына сенімді. Ибрагимовичтің өзі клубта қалғысы келгенін айтыпты.
Қолда бар ақпарат бойынша, 38 жастағы шабуылшының жалақысы әртүрлі қосымша сыйақылармен бірге төрт миллион болады екен. Ибрагимовичтің қазіргі келісімшарты тамыздың соңында аяқталады.
Ибрагимович "Милан" сапына желтоқсан айында ауысып келді. Биыл ол 19 кездесуге қатысып, он гол соқты.