Испания құрамасының шабуылшысы төрт жылдан кейін "Ювентуске" қайта оралды

Sportbox.ru ©
Мадридтік "Атлетико" командасының шабуылшысы Альваро Мората алдағы бір күннің ішінде "Ювентус" сапына ауысады. Испаниялық шабуылшының келісімшарт жасауға ұшып келгенін туриндік команданың басшылары да растады,- деп хабарлайды Sportbox.ru.

Шабуылшы бүгін медициналық тексерістен өтуі керек. Содан соң ол келісімшарт жасайды. 

Бейресми ақпарат бойынша, туриндік команда шабуылшыны екі маусымға жалға алып, кейін 45 миллион еуроға сатып алмақшы. Биыл "Ювентус" командасына шабуылшы қатты керек болды. Сол үшін де команда "Рома" шабуылшысы Эдин Джеко, "Наполи" шабуылшысы Аркадиуш Милик және "Барселона" шабуылшысы Луис Суареске қызығушылық білдірген. Бірақ соңында таңдау Моратоға түсіпті. 

Альваро Морато 2014 және 2016 жылдары команданың қазіргі бас бапкері Андреа Пирломен бірге ойнаған. "Ювентустен" кейін ол "Челси" және "Реал" командаларының намысын қорғады. 





Метки: