Ибрагимович Италия біріншілігінде рекорд орнатты

Сурет "Милан" сайтынан
"Милан"  Италия біріншілігінің 37-турында "Сапмдориямен" кездесіп, ірі есеппен жеңіске жетті. Сырт алаңда өткен бұл ойын 4:1 есебімен аяқталды.

"Милан" сапында Златан Ибрагимович төртінші және 58-минутта екі рет көзге түссе, Хакан Чалканоглу (52-минутта), Рафаэль Леау (90+2 минутта) бір голдан соқты. Ал алаң қожайындары сапында Кристофф Аскильдсен (87-минут) қанжығасын майлады.

Бұл ойында Ибрагимович "Милан" сапында 50 және 51 голды ұрды. Осылайша швед шабуылшысы Италия біріншілігінің тарихында екі миландық клуб сапында 50 голдан салған бірінші футболшы атанды. 

Еске салайық, Ибрагимович "Интер" сапында 2006 және 2009 жылдар арасында ойнап, 57 гол соққан еді. 

Метки: