"Ибра жеңу үшін ғана ойнайды". Златан Ибрагимович "Миланнан" кететінін айтты

Сурет: "Милан" ФК
Италиялық "Милан" клубының швециялық шабуылшысы Златан Ибрагимович командадан кетеді, деп хабарлайды "Чемпионат". Өзнің болашағына қатысты сұраққа жауап беру кезінде ол бұдан да биік мақсаттар қоятынын айтты. 

"Ибра бірдеме жеңу үшін ғана ойнайды. Болмаса ол үйінде отырады. Көпшілік Америкада ойнау қиын емес деді. Сондықтан да мен "Миланға" келдім. Мен бұл жерде құмарымды қандыру үшін жүрмін. Әйтпесе көп айлық та алмаймын. 

COVID-19 көп нәрсені тоқтатты. Бұл маған карьерамды аяқтау туралы белгі ма деп те ойладым. Қуанышымызға орай, біз алаңға қайта оралдық. Екі күннен кейін мен алаңға шығуға дайын боладым. Ибра дайын. 

Мен футбол ойнау үшін жаралдым. Әлі де ең мықтымын. Екі айдан кейін өзімді қалай сезінетінімді көреміз. Клубпен де не боларын анықтау керек. Егер жағдай дәл қазіргідей болса, келесі маусымда "Миланда" қалмаймын. Ибрагимович Еуропа лигасының футболшысы емес", - деді Ибрагимович. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта "Милан" Италияның А сериясында 49 ұпаймен жетінші орында келеді. 





Метки: