Балотелли карьерасын Италияның бұрынғы премьер-министріне тиесілі командада жалғастырады

Марио Балотелли. Сурет: Чемпионат
"Манчестер Сити", "Ливерпуль", "Интер" клубтарының бұрынғы футболшысы Марио Балотелли мансабын Италияның екінші дивизионында жалғастырады.

Балотелли Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускониге тиесілі "Монца" клубымен келісімшарт жасасуға жақын. Ойыншымен келісімшарт жасасу туралы шешім 7 желтоқсан, дүйсенбіде болатын медициналық тексерістің нәтижелері бойынша қабылданады. Балотелли қазіргі уақытта еркін агент болып табылады, ал өткен маусымда А Сериясында "Брешияда" ойнады.

Ол "Интермен" бірге үш рет Италия чемпионатын жеңіп алды, елдің Кубогы мен Суперкубогының иегері атанды, Чемпиондар Лигасын жеңіп алды (2010 жылы). "Манчестер Сити" сапында Англия кубогы мен Премьер-лигада топ жарды.

Италия ұлттық құрамасы үшін Балотелли 36 матч өткізіп, 14 гол соқты. Футболшы ұлттық құрама сапындағы Еуро-2012 турнирінің күміс жүлдегері болып табылады.
Метки: