auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канелоның" жұмсақ жазасы, GGG қарсыласы мен трилогия". WBC президентінің үлкен сұхбаты

"Канелоның" жұмсақ жазасы, GGG қарсыласы мен трилогия". WBC президентінің үлкен сұхбаты
WBC президенті Маурисио Сулейман. Сурет: boxingscene.com
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман бртаниялық Boxing Socials жаңалықтар порталына сұхбат беріп, рұқсат етілген жекпе-жектерге тоқтала кетті, - деп хабарлайды vRINGe.com

Біраз уақыт бұрын WBC қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен WBC ұйымының "уақытша" чемпионы америкалық Джермал Чарло (27-0, 21 КО) арасындағы жекпе-жекке рұқсат берген. Бұл кездесудің жеңімпазы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің міндетті қарсыласы атанады. 

GGG командасына бұл жағдай ұнамады. Өйткені Альварес даулы шешіммен жеңгендіктен Головкин онымен бірден жұдырықтасуға лайық деген ойда. 

- Головкин, Чарло, Кэмпбелл, Гарсиа және басқа да жақсы боксшылардың жекпе-жектеріне рұқсат бердіңіздер, сол тура айтып беріңізші.

- Конвенция кезінде барлық дивизионды қайта қарап шықтық. "Міндетті" қарсылас қайт қаралып, бекітілді. Сондықтан белсенділік артады. Чарло - Головкин үлкен жекпе-жегі болады, ал жеңімпаз "Канеломен" жұдырықтасады. Суперауыр салмақта Уайлдер - Фьюри кездесуінің жеңімпазы Энтони Джошуамен жұдырықтастыру үшін барын жасадық. Қазір бокс жақсы деңгейде. Бүгінгі таңда бокс Британия, Жапония, Месика, АҚШ-та дүркіреп тұр. Алдымыз тамаша кезең. 

- 168 фунтқа көтерілетін "Канело" Алвареске қатысты жағдай қалай?

- "Канелодан" желтоқсанда ерікті жекпе-жек өткізу туралы петицияны қабылдадық. Жаңа дивизионда WBC атынан жұдырықтасады. Мұндай чемпионды мақтан тұтамыз. 

- "Канело" екінші орта салмақта қала ма, әлде өз салмағына қайта түсе ме, қалай ойлайсыз? 

- 160 фунтқа қайта түседі деп сенемін, ол сондайлық ірі боксшы емес. Сондықтан орта салмаққа түседі деген сенімдемін. 

- "Канело" мен Головкиннің үшінші жекпе-жегін ұйымдастырасыздар ма? Дегенмен көпшілік "Канелоның" жеңісіне күмән келтіреді.
 
- Бұл жекпе-жектің қаржылық көрсеткіштері жақсы боларына сенімдімін. Екеуі де үшінші ретке лайық. 

- "Канелоның" допинг үшін жазасы қатаңдау болу керек еді деп ойламайсыз ба?

- Боксты допингтен қауіпсіз етуге бағытталған таза бокс бағдарламамыз тегеурінді. "Канелоның" ісі анық болды. Бірден барлық деректерді зерттеп, оның тамақтан болғанын анықтадық. Бұған барлық дәлел бар. Қосымша тест жасадық, оның барлығы таза. 

Айта кетейік, Альварес рингке 15 желтоқсанда оралмақ, мексикалықтың қарсыласы WBA ұйымының Regular белбеуінің иегері, британиялық Рокки Филдинг (27-1, 15 КО).

Ал Головкин биыл жұдырықтасуды жоспарлап отырған жоқ. GGG рингке тек 2019 жылдың көктемінде оралады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама