"Дивизионда нағыз соғыс басталады". Қазақ нокаутшы чемпиондыққа талас жайлы
Жеңілмеген қазақстандық нокаутшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында АҚШ-қа ауысуы мен карьерасының жаңа кезеңі басталғаны туралы айтып берді.
Жеңілмеген қазақстандық нокаутшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында АҚШ-қа ауысуы мен карьерасының жаңа кезеңі басталғаны туралы айтып берді.
- Батыр, АҚШ-қа қалай жеттің, нендей қызық жаңалық бар?
- Жақсы жеттім, әзірге бейімдеу кезеңінен өтіп жатырмын. Енді АҚШ-та орнығып, осында жаттығамын. Жақында алдағы жекпе-жегіме толық дайындық басталады.
- Instagram желісінде карьераңның жаңа кезеңі басталғаны туралы жазыпсың. Тарқатып айтып берші.
- Иә, бұл менің карьерамдағы жаңа кезең. Жаңа деңгейге көтерілу үшін, жаңа жоспарымызды іске асыруға кірістік. АҚШ - әлемдік кәсіпқой бокстың орталығы. Бабымда тұрған шақта осында келгеніме қуаныштымын. Жақында командамдағы өзгерістер туралы да біліп жатарсыздар.
- АҚШ-қа ауысу керектігі туралы үнемі айтатынсың, жоспарыңды іске асыра алғаныңа қуаныштымыз. Енді чемпиондыққа апарар жолда кездесетін сынақтар да басқа болар?
-Иә! Боксшы өз әлеуетін сараптап, даму импульсін нақты сезу керегін үнемі айтатынмын. Ешкім бірден чемпион болмайды. Мен осы биіктікті алуға дайынмын. Иншалла, алға ұмтыламыз. Қазір менің дивизионымда нағыз соғыс басталып келеді. Бәсеке жоғары деңгейде.
- Сөзіңе қарағанда командаңда өзгерістер болады... Ал қарсылас пен жекпе-жек өтетін уақыт туралы не белгілі?
- Команданың жаңа стратегиясы туралы жақында айтамыз. Келесі жекпе-жек уақыты мен қарсылас туралы да кейін хабарлаймыз. Әзірге бір нәрсе айтайын, мен үнемі жоғары деңгейдегі айқастарға ұмтылдым. Осы бағытта жүріп келеміз. Қолдауларыңыз үшін рахмет!
Батыр кейінгі рет 2020 жылы желтоқсанда жұдырықтасып, мексикалық Рикарду Лараны (22-8, 10 КО) нокаутқа түсірген. Жүкембаев бірінші жартылай орта салмақта WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental титулдарына ие. Барлық кездесуін Канадада өткізген.
Жарнама