auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Анау Головкин емес пе? Денем түршігіп кетті" - "Барыс" ойыншысы

GGG Астанада ҚХЛ матчін тамашалады.

"Анау Головкин емес пе? Денем түршігіп кетті" - "Барыс" ойыншысы
Константин Климонтов. Youtube-тен алынған кадр
"Барыс" хоккей командасының қорғаушысы Константин Климонтов ҚХЛ-дегі ЦСКА-мен матчтен кейін Vesti.kz тілшісіне трибунада Геннадий Головкин отырғаны қалай әсер еткенін айтып берді. Бірақ әңгіме мәскеуліктермен ойыннан басталды. 

- Қарсылас неге өз ойынын жүргізе алмады?
- ЦСКА агрессиялы ойынымен белгілі. Тактикаларына назар аударсаңыз, олар жылдам ауысулармен қысым жасайды. Қорғаушы ретінде үлкен жұмыс атқаруға тура келді. Сондықтан үнемі қарымтаға шығып отырдық. Қарсы шабуыл жасап, ығайлы сәтті пайдаланайық дегенбіз, болмады. 

- Командаға бейімделу қалй өтіп жатыр?
- Әр ойын сайын сенімділік артып келеді. Бүгін алғаш рет өз мұзайдынымызда ойнадық. Үлкен жауапкершілік. Жанкүйерлер алдында сенімді ойнап, жұмысымызды сапалы орындағымыз келді. Микроматчтерде қолдан келді, бірақ, командалық нәтижемен болғаны өкінішті... Аздап сәттілік жетпеді. Шеттеу ойын ретін бұзды. 

- Матчтың атмосферасы қалай?
- Стадион лық толды, тамаша. Матчте Головкин болды-ау деймін?! Міне керемет! Өне бойым жыбырлап кетті. Қуаныштымын. Қазақстанда хоккейді ұнатады. Келіп жүргендері үшін жанкүйерлерге рахмет. Солар үшін тырысып, жеңіске жетемін. 

Айта кетейік, "Барыс" екі рет те жақсы ойын көрсеткенімен, овертаймда ЦСКА командасынан ұтылды. Осылайша, қазақстандық команда ҚХЛ-дегі жеңістер легін үзіп алды. 



Еске салайық, орта салмақта WBC, WBA, IBF және IBO тұжырымы бойынша бұрынғы чемпион қазақстандық Геннадий Головкин 3 қазанда Астанда өткен "Барыс" пен мәскеулік ЦСКАойынын тамашалады. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар