Шахмат олимпиадасында қазақстандықтардың соңғы тур алдындағы нәтижелері

©Reuters

Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістанның Чаннай қаласында өтіп жатқан Бүкіләлемдік шахмат Олимпиадасында үздік 8 команданың арасында орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жерлестеріміз тоғызыншы тур алдында ТОП-3 құраманың ішінде болған. Үндістан қыздарына есе жіберген соң бірнеше орын төмен сырғып кетті.

Ерлер командасы болса Хорватияның спортшыларын ұтып, үздік 20 құраманың арасынан табылды. Әзірге алғашқы орындарда Өзбекстан мен Армения (17 ұпайдан) зияткерлері ешкімге дес бермей келеді.

Еске салайық, 9 тамыз күні жарыстың соңғы болатын 11-тур ойыны өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар