Қазақстандық шахматшылар рейтингтегі орындарын білді

©Reuters

Шахматтан Қазақстанның ерлер мен әйелдер командалары Бүкіләлемдік шахмат Олимпиадасында рейтингте қай орынға жайғасқанын білді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ерлер құрамасы 17 орыннан 11 орынға көтерілді. Қазақ спортшыларының еншісінде алты кездесуден кейін бес жеңіс бар.

Әйелдер командасы Әзірбайжаннан келген қарсыластарына есе жіберіп, 6-орыннан 14-орынға дейін түсіп қалды.

4 тамыз күні Үндістандағы турнирде демалыс күні жарияланған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар