Жансая Әбдімәлік ФИДЕ Гран-приінің үздік бестігіне кірді

©ortcom

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Астанада өтіп жатқан ФИДЕ Гран-приінің үздік бестігіне кірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Отандасымыз қатарынан екінші рет турнирдің көшбасшысымен тең түсті. Алдымен ресейлік Александра Горячкиномен, артынша тағы бір ресейлік Мария Лагномен өткен тартысты ойында ұпай тең бөлісті.

Лагно ұпай саны бойынша көш бастап тұрса, Әбдімәлік жетінші орыннан бесінші орынға дейін көтеріліп отыр. Елордадағы жарыста Жансая бір рет жеңіске жетіп, жеті мәрте тең түсті. Сонымен қатар, екі рет жеңілістің кермек дәмін татты.

Енді отандасымыз польшалық Алина Кашлинскаямен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар