Бибісара Асаубаева екі дүркін әлем чемпионы атанды
Бибісара Асаубаева шахматтың блиц және рапид түрінен өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бибісара Асаубаева шахматтың блиц және рапид түрінен өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Асаубаева блицтен өткен соңғы матчта үндістандық Харика Доронваллиді ұтты. Ал қытайлық Тань Чжунъи Үндістанның тағы бір өкілі Хампи Конераға есе жіберді.
"Өткен жылы алғаш рет әлем чемпионы атанғанымда өзіме сенімді болғанмын. Себебі айқын басымдықпен жеңіске жеткен едім. Бұл жолы жеңіс ауыр болды. Алайда өз елімдегі турнирді керемет аяқтағаныма қуаныштымын. Енді жаңа жылды жақсы көңіл-күймен қарсы алуға болады, - дейді Асаубаева.
Еске салайық, Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында Асаубаевадан бөлек, Динара Сәдуақасова шахматтың рапид түрінен күміс жүлдегер атанды.
Жарнама