Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды

©instagram.com/bibisarachess/

Қазақстандық Бибісара Асаубаева 2021 жылдың қорытындысы бойынша Азияның ең үздік шахматшысы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

18 жастағы спортшы бұл күндері Үндістанда Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасына Қазақстан құрамасымен бірге қатысып жатыр.

"Кеше ФИДЕ-нің салтанатты іс-шарасында әлемнің 15 дүркін чемпионы Вишванатан Ананд мені әйелдер арасында 2021 жылы Азияның үздік шахматшысы атағымен марапаттады. Менің еңбегімді жоғары бағалаған ФИДЕ-ге рақмет!", - деп жазды Асаубаева.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар