Қазақстан жастар құрамасының хоккейшісі азаматтығын ауыстырды

Сурет "Барыс" сайтынан алынды.

Хоккейден павлодарлық "Ертіс" пен Қазақстан құрамасының ойыншысы Давыд Макуцкий азаматтығын ауыстырып, Германияға көшіп жатыр. Бұл туралы "Шайба.kz" порталы хабарлап отыр. 

Биылғы маусымда 21 жастағы хоккейші Қазақстан біріншілігінде 43 кездесуге қатысып, он (1+9) ұпай жинады. 

Сондай-ақ Макуцкий "Барыс" сапында да болған. 2018/19 жылғы маусымда ол Жастар хоккей лигасында "Снежные Барсы" командасы сапында 56 кездесуге қатысып, 14 (6+8) ұпай алды.

Бұған дейін ол Қазақстан жастар құрамасы сапында Ванкуверде өткен әлем чемпионатына қатысып, бір шайба соқты. 

Метки:
Жаңалықтар