Хоккейден Қазақстан құрамасы Минскіде өтетін турнирге қатысады

Сурет "Барыс" клубының ресми сайтынан алынды.
Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Минскіде өтетін халықаралық турнирге қатысады. Бұл туралы Беларусь хоккей федерациясының ресми сайты хабарлады. 

Турнир 2020 жылдың желтоқсан айында Минск қаласында өтеді. Беларусь құрамасынан бөлек бұл турнирге Қазақстан, Ресей және Австрия құрамалары қатысады. 

"Бізде желтоқсан айында халықаралық үзіліс болмайды. Желтоқсанда біз Ресейдің олимпиадалық құрамасы, Қазақстан және Австрия құрамаларының қатысумен турнир өткізуді жоспарлап отырмыз. Михаил Захаров құрамаға ҚХЛ-да ойнайтын жігіттерді шақыртуға ниетті. Ал Беларусь біріншілігінен әр командадан бір ойыншы шақырады. Сол үшін чемпионат тоқтамайды" - деді Беларусь хоккей федерациясының спорт директоры Владимир Бережков.


Жаңалықтар