Юрий Михайлис Гагарин Кубогіндегі жеңісінен кейін пікір білдірді

©olympic

Хоккейден Гагарин Кубогінің плей-офф раундының алғашқы кездесуінде "Барыс" қонақта "Металлургтен" басым түсті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Магнитогорск қаласындағы ойын 2:3 есебімен аяқталды. "Барыс" командасында Томаш Юрчо дубль және Якоб Лилья көзге түсті. Тартысты кездесуден кейін бас бапкер Юрий Михайлис баспасөз мәслихатында пікір білдірді.

"Біздің командамыз бүгінгі ойында көп еңбектенді. Бірінші кезеңнен бастап қарсыласты қыспаққа алдық. Жылдам шабуылдар ұйымдастырып отырдық. Қорғаныста барынша қателік жібермеуге тырыстық. Ойын соңында мұз айдынынан қуылуы сәттері көбейіп кетті. Бұлай ойнамауымыз керек. "Металлург" секілді клубтарға қарсы тәртіпті көп бұза бермеу керек. Жалпы алғанда ойыншылар бапкердің нұсқауын орындады", - дейді Михайлис.

Еске салайық, "Металлург" пен "Барыстың" екінші кездесуі 3 наурызда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport