Ұлттық құрама мен "Барыс" хокейшісі Қазақстан азаматтығынан айырылды

28 желтоқсан 2022 11:22
©"Барыс" ХК

"Барыс" пен ұлттық құраманың шабуылшысы Дмитрий Шевченко Қазақстан азаматтығынан айырылған. Бұл биыл желтоқсан басында болған екен, деп хабарлайды Шайба.kz.

27 жастағы форвард "Барыс" үшін ҚХЛ мен Бірінші арна кубогінде Қазақстан құрамасы үшін берілген команда тізімінде Ресей азаматы деп көрсетілген екен. 

Жазда "Барыс" басшылығын қызметінен босатуды талап еткен бастамшыл топ Астана қаласы көші-қон департаментіне Дмитрий Эдуардович Шевченкода екі ел заматтығы барын тексеруді сұраған. 

Тексеріс кезінде Ресейдің Тула қаласында дүниеге келген спортшыда Ресей мен Қазақстан азаматтығы бар болып шықты. Осыған байланысты 2022 жылдың 6 желтоқсанында ол Қазақстан азаматтығынан айырылды. 

Осылайша, енді Шевченко Қазақстан құрамасы үшін ойнай алмайды, ал алда басқа да хоккейшілерге қатысты тексеріс жүрмек. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport