Ұлттық хоккей лигасы жаңа маусымды желтоқсанда бастауы мүмкін

Сурет: NHL.com
Ұлттық хоккей лигасының 2020/21 маусымындағы тұрақты чемпионаты желтоқсанда ғана басталуы мүмкін, - деп хабарлайды Athletic.

Келесі маусымды желтоқсанға дейін шегеруді ҰХЛ өткен жиналыста клубтармен талқылаған. Лига кеш басталса да 82 матчпен толық маусым өткізгісі келеді.

Бұл жағдайда Барлық жұлдыздар мачтінен бас тарту керек болады, рождестволық демалысты қысқартып, матчтар арасындағы үзілісті де барынша азайтуға тура келеді. Осылайша, тұрақты чемпионат мамырда, ал плей-офф шілдеде аяқталады. 

The Athletic журналисті Пьер ЛеБрюннің нақтылауынша, әзірге бұл жоба тек қарастырылып жатыр және лига басшылығымен талықыға салынды.
Метки: