ЦСКА командасы Қазақстан құрамасының хоккейшісімен үш жылдық келісімшарт жасады

©ЦСКА

Мәскеулік ЦСКА командасы Қазақстан құрамасының қорғаушысы Даррен Дицпен келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды Құрлықтық хоккей лигасының ресми сайты. 

28 жастағы хоккейшімен ЦСКА командасы үш жылдық жаңа келісімшарт жасады. Бұған дейін оның жалақысы бір жылға 65 миллион рубль (981 мың доллар) болады делінген еді. 

Диц ЦСКА сапына өткен жылы "Барыстан" ауысып барды. Ол өткен маусымда ҚХЛ-ға мәскеулік команда сапында 8 кездесу өткізіп, 2 (1+1) ұпай жинады. Ал плей-оффта ол 20 ойында 4 (1+3) ұпай еншіледі. 

Айта кетейік, Диц "Барыс" сапында 2017 және 2021 жылдар аралығында ойнаған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: