ЦСКА-дағы Қазақстан құрамасы шабуылшысының айлығы айтылды

©ЦСКА

Ресейлік "Спорт-Экспресс" басылымы ЦСКА сапында ойнайтын Қазақстан құрамасының қорғаушысы Даррен Дицтің жалақысы қанша екенін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Басылымның ақпараты бойынша, Диц 70 миллион руль (540 миллион 400 мың теңге) алады екен. Ол ҚХЛ-де ең көп жалақы алатын хоккейшілердің бестігінде. 

"ЦСКА үшін өткен маусымдағы чемпиондық құрамды сақтап қалу - үлкен жеңіс. Клуб Плотников, Каменев, Нестерев секілді ойыншылармен келісімшартты ұзартты. Даррен Диц келісімшартын үш жылға созды. Виталий Абрамов та. Бұл ҚХЛ деңгейіндегі мықты хоккейшілер. 

Жалақы жағына келетін болсақ, Дицтің алатын айлығы тым көп. Ол қазір ҚХЛ-да ең көп жалақы алатын хоккейші", - деп жазады басылым. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport