"Торпедоның" алты бірдей ойыншысы Қазақстан құрамасына шақыртылды

Дмитрий Гренц. Сурет: shaiba.kz

Өскемендік "Төрпедоның" алты бірдей ойыншысы Қазақстан құрамасының лагеріне аттанады, деп хабарлайды Шайба.kz.

Ұлттық құрамаға шақыртылғандар - қақпашы Андрей Шутов, қорғаушы Әділ Бекетаев, шабуылшылар Александр Шин, Кирилл Савицкий, Артем Лихотников және Дмитрий Гренц.

Еске салайық, құраманың оқу-жаттығу жиыны 29 сәуірде басталады. 13 және 15 мамыр Ригада Юрий Михайлис жаттықтыратын команда Беларуське қарсы ойнайды.

Латвия астанасында өтетін әлем чемпионаты топ-дивизионының топтық кезеңінде Қазақстан алаң иелерімен, Финляндия, АҚШ, Германия, Канада, Италия және Норвегиямен ойнайды.

Метки: