auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Тартысты талас. "Барыс" қонақтағы соңғы матчінде жеңіске жетті

Астаналықтар ойын кезінде қақпашыны ауыстырды.

Тартысты талас. "Барыс" қонақтағы соңғы матчінде жеңіске жетті
"Барыс" ХК баспасөз қызметі
"Барыс" хоккейшілері ҚХЛ тұрақты чемпионатында "Тракторды" жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

18 қазан Челябіде өткен ойынның негізгі уақыты 4:4 есебімен аяқталды, ал овертаймда "Барыс" жеңіске жетті. Ойын протоколымен мына жерде таныса аласыз. 

Ойынның 12-ші минутында "Трактор" шабуылшысы Александр Шаров есеп ашты. 

Екінші кезең тартысты өті. 24-ші минутта "Барыстың" швециялық форварды Андре Петерссон есепті теңестірді. Алайда "Трактор" ойыншылары 27-ші минутта Антон Галкин және 36-шы минутта Александр Рыпаков азшылықта қалғанына қарамастан шайбасын астаналықтар қақпасына дәл бағыттады. Бұған жауап ретінде астаналықтардың каптианы Брэндон Боченски шайба салды. Бірақ 39-шы минутта Шаров дубль жасады.

Үшінші кезең алдында "Барыс" қақпашы ауыстырды - чех Доминик Граховиннің орнына Хенрик Карлссон шықты. Осылайша, швед қақпаға бір шайба кіргізбеді, ал астаналықтар есепті теңестіре алды: 55-ші минутта қорғаушы Джесси Юлэкер көзге түсті, ал ойын аяқталуға 29 секунд қалғанда канадалық Мэтт Фрэттиннің шайбасын видеоқайталаудан кейін есепке алды. 

Овертаймда - 62-ші минутта Фрэттиннің пасын алған "Барыс" капитаны дубль жасады. 



Бұл ойын "Барыс" үшін қонақтағы соңғы кездесу болды. Он жеңіске жеткен астаналық команда 24 ұпаймен Шығыс конфедерациясында алтыншы келеді. 

Енді "Барыс" өз мұзайдынында 5 матчтық серия өткізеді. Алғашқы қарсыласы Минск "Динамосы". Ойын 22 қазан Астана уақытымен 19:30-да басталады. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар