Тартысты матч. Қазақстан ӘЧ-дегі соңғы ойында камбэк жасады

©IIHF

Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионаты топтық кезеңіндегі соңғы ойынын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ғалым Мәмбеталиев жаттықтыратын команданың соңғы қарсыласы Словения болды. Бұл матч ештеңе шешкен жоқ, дегенмен тартысты өтті. 

Словениялықтар екінші минутта-ақ гол салды, авторы Анже Куральт. Қазақстандықтар Никита Михайлистің күшімен тайм соңында есепті теңестірді.

Екініш кезеңде (22-минут) Куральт тағы да командасын есепте алға шығарды. Бұған 40-минутта Батырлан Мұратовтың голы жауап болды. 

Үшінші кезеңде, 43-минут Ян Дрозг Словения есебін тағы еселеді. Алайда Қазақстан құрамасы камбэк жасады. 52-минутта Евгений Рымарев есепті қайта теңестірді, ал Максим Мухаметов 57-минутта жеңіс голын салды. 

Рымарев Қазақстан құрамасы сапында матч ойыншысы атағын иеленді.

Қазақстан сегіз ұпаймен алтыншы орынға көтерілді. Норвегия алты баллмен жетінші. Ал Словениялықтарда балл жоқ. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: