Қарағандылық "Сарыарқа" командасының жаңа директоры болып Талғат Жайлауов тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Жайлауов өткен маусымда қарағандылық команда сапында ойнады. Бірақ төрт ойыннан кейін командадан кетті. Содан соң карьерасын аяқтады.
Бұған дейін ол "Номад" командасының бапкерлер қосынында болған еді.
Айта кетейік, Жайлауов - Өскемен хоккей мектебінің түлегі. "Барыс" сапында ол 12 маусым ойнады. Тоғыз мәрте әлем чемпионатына қатысқан.