Стэнли кубогінің иегері анықталды

©nhl.com

"Колорадо Эвеланш" Ұлттық хоккей лигасы плей-офф финалды сериясының алтыншы матчінде "Тампу-Бэй Лайтнинг" командасын ұтып, 2021/22 маусымдағы Стэнли кубогін жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Тампе қаласында өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. 

Жеңімпаздар сапында Натан Маккиннон (22-минут) және Арттури Лехконен (33) гол салды. Ал ұтылған командадан Стивен Стэмкос (4) ерекшеленді.

Осылайша, төрт жеңіске дейінгі серияда 4-2 есебімен "Колорадо" алға түсті. Команда бұл трофейді 2001 жылдан кейін қайта иеленіп отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: