"Спартакты" ұтқан "Барыс" бапкері жеңістің сырын ашты

29 қыркүйек 2022 03:04
©Барыс ХК

"Барыс" бас бапкері Андрей Скабелка құрлықтық хоккей лигасы аясында "Спартакты" қалай ұтқанын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Алғашқы екі кезең қорытындысы бойынша "Спартак" бізден мықты ойнады. Гудачектің арқасында біразға дейін тек бір шайбамен ұтылып жаттық. Жалпы қақпашы бірнеше рет қауіптің бетін қайтарды. Соңғы айналымның алдында жігіттерге шабуылда белсенді болуын айттым. Олар да сөзімді жерге тастамады. Командалық ойын көрсетті. Нәтижесінде голдарды салып, матчтың есебін бақылауымызда ұстай алдық", - дейді Скабелка.

Еске салайық, Мәскеудегі тартысты матчта елордалықтар 1:3 есебімен жеңіске жетті. Енді Скабелка шәкірттері 2 қазан күні "Барыс Аренада" Ресейдің "Сочиін" қабылдайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport