Скабелканың агенті маманның "Барыстан" кетуіне қатысты пікір білдірді

Сурет: "Барыс" ХК
Бапкер Андрей Скабелканың ісін жүргізетін агент Шуми Бабабев "Чемпионат" порталына берген сұхбатында белоруссиялық маманның "Барыстан" кетуіне қатысты пікір білдірді.

Бүгін, 6 сәуірде қазақстандық хоккей клубы жаңа бапкер қарастыратынын хабарлады. Скабелканың келісімшарты 30 тамызда аяқталады.

"Біз қойған шарттарды қабыл алмады. "Барыс" ары қарай келіссөз жүргізудің мәні жоқ деп шешті, бұл жағынан олардікі дұрыс. Скабелканың жаңа жұмыс орны? Ешкіммен келіссөздер жүргізбедік, "Барыспен" жағдай не болатынын күттік. Қазақстандық клуб берген ақпарат толықтай дүрыс және шынайы", - дейді Бабабев.