2023 жылы Санкт-Петербургте өтеді деп жоспарланған хоккейден әлем чемпионаты Швейцарияда өткізілуі мүмкін, - деп хабарлайы финляндиялық Iltalehti басылымы.
Швейцария кез келген уақытта өз кандидатурасын ұсынуға дайын тұр, өйткені, Ресей ӘЧ матчтерін қабылдайтын 23 мың адамға арналған мұзайдынды салып бітпейді деген сенімде.
Сонымен қатар, Ресейдің Спорттық арбитражды соты (CAS) елде халықаралық жарыстар өткізуге салған тыйымына аппеляциясы қанағаттандырылмауы мүмкін.
Хоккейден әлем чемпионаты 2020 жылы Швейцарияда өтуі тиіс еді, алайда, коронавирус пандемиясы бөгет болды.