Шешуші кездесуде ұтылған Қазақстан құрамасында плей-офф кезеңге өтуге соңғы мүмкіндік қалды

Сурет: ҚХФ

Қазақстан құрамасы Ригадағы хоккейден әлем чемпионаты В тобындағы соңғы ойында Норвегиядан 1:3 есебімен ұтылды. Дегенмен командада плей-офф кезеңге өтуге үміт бар, деп хабарлайды Vesti.kz.

Юрий Михайлис жаттықтыратын команда келесі кезеңге шығуға мүмкіндігі жоқ құраманы ұтқанда, плей-офф кезеңге сөзсіз шығатын еді. 

Бұл кездесуде Қазақстан 16-шы минутта бірінші болып есеп ашты, Дмитрий Шевченко голы. Алайда екінші кезеңде Иван Степаненко мұзайдыннан қуылғанда қарсылас есепті теңестірді, үшінші кезеңде - арттырды. Қазақстан ойын аяқталуын білдіретін ысқырыққа бір минут қалғанда үшінші шайбаны өткізіп алып, овертаймда есе қайтару мүмкіндігін жіберіп алды. 

Топтық кезеңді жеті ұпаймен аяқтаған Қазақстан құрамасында плей-офф кезеңге өтуге бір мүмкіндік қалды. Бұл енді бүгін өтетін өзге командалар ойнына байланысты болады.

Метки: