auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Семеновтың төбелесі және Старченконың дублі. Ойынды айқын басымдықпен бастаған "Барыс" ұтылып қалды

Бұл матчте 11 шайба салынды.

Семеновтың төбелесі және Старченконың дублі. Ойынды айқын басымдықпен бастаған "Барыс" ұтылып қалды
"Барыс" ХК баспасөз қызметі
0
ҚХЛ-дың тұрақты чемпионаты аясында "Барыс" нижегородтық "Торпедоға" ұтылып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Нижний Новгородта өткен ойынның негізгі уақты 5:5 есебімен аяқталды, ал екінші таймда мұзайдын иелері басым болды. Ойын протоколымен мына жерде танысуға болады. 

Алғашқы кезең аяқталар сәтте "Барыс" есеп бойынша алға шығып үлгерді. 17-ші минутта Роман Старченко, бір минуттан кейін Қазақстан құрамасының тағы бір шабуылшысы Әлихан Әсетов көзге түсті.

Екінші кезең басында "Барыс" есеп артықшылығын еселей түсті. 21-ші миунтта Брэндон Боченски алғашқы шайбасын салды. Осыдан кейін "Торпедо" қақпашысын ауыстырып, есепті өзгертті -  31-ші минутта Даниил Ильин, ал 37-ші минутта Дамир Жафяров шайбаны жерлестеріміздің қақпасына дәл бағыттай алды.

Үшінші кезең "Барыс" қорғаушысы Максим  Семенов  және "Торпедо" шабуылшысы Кирилл Ураков арасындағы төбелестен басталды. Осыдан кейін тағы бес шайба салынып, мұзайдын иелері камбэк жасады.

44-ші минутта Старченко дубль жасады, алайда, ресейлік команда 46 секунд өте Эндрю Кейлоф салған шайбамен жауап берді. 47-ші миунтта "Барыстың" канадалық шабуылшысы Патрис Кормье бесінші шайбаны салды. Осыдан кейін "Торпедо" ойынды овертаймға жеткізе алды - 52-ші минутта Владимир Галузин,ал 37-ші секундта Энди Миле есепті теңестірді.

Овертаймда "Барыстың"  канадалық ойыншысы Кертис Волк ойыннан шеттеліп,  "Торпедо" 64-шы миунтта Кейлофтың қақпаға дәл түскен шайбасымен жеңіске жетті. Ресейлктер астаналық команданың бұрынғы ойыншысы Дэвид Немировски басшылығымен өз мұзайдындарындағы серияны тамаша нәтижемен аяқтады - жаңа маусымның төрт ойнында да жеңіс. 



Үш ойын өткізген "Барыс" - бір рет жеңіп, екі рет ұтылды. Енді астаналық өз мұзайдынында төрт матч өткізеді, алғашқысы 12 қыркүйекте "Нефтехимикпен".
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар