"Сарыарқаның" бапкері "Барыстың" ҚХЛ-дегі бәсекелесін жаттықытратын болды

©"Сарыарқа" ХК

Леонид Тамбиев "Сарыарқа" клубының бас бапкері қызметінен кетеді. Бұл туралы "Шайба.kz" сайты "Хоккейная правда" басылымына сілтеме жасап хабарлады.

51 жастағы латвиялық маман қарағандылықтарды 2020 жылы жаттықытра бастады. Осы маусымда "Сарыарқа" 17 матчте 14 жеңіске жетіп, 28 ұпаймен Қазақстан чемпионаты кестесінде екінші келеді.

Тамбиев "Сарыарқаны" 2014-2015, 2018-2019 және 2019-2020 жылғы маусымда жаттықтырған. Оның жетекшілігімен қарағандылық клуб 2019 жылы Петров кубогын жеңіп алды.

Енді Тамбиев ҚХЛ-дің Шығыс конференциясындағы "Адмирал" командасын жаттықтырады, "Шығыста" астаналық "Барыс" та өнер көрсететінін айта кетейік. Владивосток қаласының клубы 17 ұпаймен конференция кестесінде 11-орында келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: