Рыспаев түгелдей сабаған. "Барыс" бүгін қытайлық командамен ойнайды

©Видеодан скрин

Бүгін, 11 қазанда "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасындағы матчті өз айдынында өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Андрей Скабелка жаттықтыратын команда Астанада қытайлық "Куньлунь Ред Стар" клубымен ойнайды. Кездесу 19:30-да басталады. 

Ойынды Qazsport тікелей көрсетеді. Ал онлайн-трансляцияны мына жерден тамашалауға болады.

"Барыс" 16 матчте 17 ұпай жинап, Шығыс конференциясында алтыншы орында. Ал "Куньлунь" 17 матчте 15 балл жинап, "Батыста" соңғы командадан ғана алда келеді. 

Еске салайық, 2016 жылы Астанада өткен жолдастық кездесуде қазақстандық тафгай Дамир Рыспаев қытайлық команданың бірнеше ойыншысын соққыға жығып, олардың бірі ауруханаға түскен болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport