Хоккей
10 тамыз 2017 13:15
 
Роман Старченко жарақатына байланысты ұзақ мерзімге қатардан шығып қалды

  Пікірлер

blog.share

Роман Старченко жарақатына байланысты ұзақ мерзімге қатардан шығып қалды ©shaiba.kz

Елордалық "Барыс" хоккей клубының шабуылшысы Роман Старченко жарақат алып, қатардан ұзақ мерзімге шығып қалды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлайды. 

31 жастағы шабуылшы Астанада өтіп жатқан Президент кубогы турнирінде "Авангард" клубына қарсы кездесуде қолын жарақаттап алған. Енді ол қатарға кемінде он аптадан кейін ғана оралады. 

Айта кетейік, өткен маусымда Старченко Құрлықтық хоккей лигасында 51 кездесуге қатысып, 26 (15+11) ұпай жинады. Ал плей-офф кезеңінде ол 10 ойынға қатысып, бір шайба соқты. 

Жарнама

Живи спортом!