Ресейлік хоккейші матч кезінде бүйрегінен айырылды

©hcda.ru

"Динамо-Алтай" қорғаушысы Егор Стронов Бүкіләлемдік хоккей лигасындағы ЦСК ВВС командасымен матч кезінде ауыр жарақат алды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Хоккейші Самара қаласындағы №1 Пирагов атындағы ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлік тексеріс хоккейшінің сол жақ бүйрегі зақым алғанын анықтады. Дәрігерлер операция кезінде бүйректі аман алып қала алмады. Осыдан бүйректі алып тастауға тура келді. 

Спортшының қазіргі жағдайы тұрақты, бірақ ауыр көрінеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: