"Салават Юлаев" хоккейшісі Анвар Сулейманов әскерге бармау үшін пара берді деп айыпталып, бес жылға шартты түрде жаза тағылды. Мұндай шешімді Уфа қаласы Ленин ауданының соты шығарды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Хоккейші әскерге бармаудың амалын істеп, пара берген. Сулеймановқа төрт жыл сынақ мерізімі де берілген. Хоккейші мен оның қорғаушысы бұл шешімге шағым білдіруді жоспарлап отырған жоқ.
Әскерге бармау үшін пара берді деген айып Михаил Воробьев пен Владислав Лукинге де тағылған. Тергеудің ақпараты бойынша, 2019 жылы Сулмейманов, Лукин және Воробьев делдал арқылы борышын өтемеу үшін әскери комиссариатқа пара берген. Ортадағы ақшаны алған делдал қамауға алынған. Ал хоккейшілерге қылмыстық іс қозғалған.