Өзін тағы ұстай алмады. "Номад" қақпашысы командаласын ұрып жіберді
"Номад" хоккей клубының қақпашысы Владимир Крамарь өзінің командаласы Мәди Диханбекті ұрып жіберді,- деп хабарлайды Vesti.kz.
"Номад" хоккей клубының қақпашысы Владимир Крамарь өзінің командаласы Мәди Диханбекті ұрып жіберді,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан чемпионатының 1/4 финал сериясының үшінші матчінде "Теміртау" командасын жеңгеннен кейін, астаналық клуб голкиперінің жүйкесі шыдамады. "Номад" 3:0 есебімен алда келе жатты, алайда, қақпасына екі шайба өткізіп алды. Крамарь осыған кезде қорғаушыны кінәлі деп ойласа керек.
Еске салайық, "Номад" қақпашысы бұрын да ашуын тежей алмайтын. Қаңтар айында Қазақстан чемпионатының матчінде ол осындай әрекеті үшін мұзайдыннан қуылған. Крамарь ол кезде командаластарына айқайлап, клюшка сындырып, крагалар мен дуылғасын лақтырған.
Жарнама