Өзбекстандық клуб Қазақстан чемпионатына қатысудан бас тартты

Сурет: Allhockey.ru
Ташкенттік "Хумо" хоккейден Қазақстан чемпионатына қатыспайтындығын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Шайба.kz".

Мұндай шешім екі ел арасындағы шекараны өту қиындығы және эпидемиялық жағдайға байланысты қабылданды. 

Мұның алдында "Астана" да чемпионаттан шығатынын хабарлаған. Маусым айында клубта қаржылық қиындықтар туындағаны айтылған болатын. Өткен маусымда "Астана" командасы "Барыс" жүйесінде еді.

Еске салайық, сәуірде "Хумо" коронавиурс пандемиясына байланысты алғашқы маусымынан кейін-ақ Жоғары хоккей лигасынан (ВХЛ) да шықты.

Өткен жылы Қазақстан чемпионатына "Хумо-2" командасы қатысқан. Клуб соңғыдан бір орын алда болып плей-офф кезеңге өтпей қалды.
Метки: