auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Өз тарапымнан бәрін жасадым". "Барыс" сапындағы канадалық үздік бомбардир Қазақстан үшін ойнау туралы

Ол азаматтық алу туралы айтты.

"Өз тарапымнан бәрін жасадым". "Барыс" сапындағы канадалық үздік бомбардир Қазақстан үшін ойнау туралы
© "Барыс" ХК
"Барыстың" канадалық қорғаушысы Даррен Диц РИА Новости порталына берген сұхбатында Астанада өтетін әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үшін шығу туралы айтып берді. 

ҚХЛ-дің биылғы маусымында Диц 52 матчте 47 (14+33) ұпай жинады. Ол - клубтың үздік бомбардирі және үздік бомбардирлер, мергендер мен ассистенттер тізімінде бірінші.

25 жастағы Дицтің Қазақстан құрамасы үшін ойнауға ынтасы туралы "Барыс" президенті Борис Иванищев тамызда айтқан болатын. 

"Мәселе қаралып жатыр, әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үшін ойнауды жоспарлап отырмын, Бірақ, әзірге ештеңе айта алмаймын. Өз тарапымнан бәрін жасадым, барлық құжатты толтырдым, енді шешім күтіп отырмын, федерация жауабын", - дейді Диц.

Мұның алдында ресейлік БАҚ Дицтің маусым аяқталғанда "Барыстан" кетуі мүмкін екенін айтқан. Оның астаналық клубпен келісімшарты 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін.

А тобы бірінші дививзионындағы хоккейден әлем чемпионаты Астанада 29 сәуір мен 5 мамыр аралығы өтеді. Қазақстан құрамасы ойындарының кестесімен мына жерде таныса аласыз. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар