"Өткен ойыннан сабақ алды". Скабелка "Барыс" ойыншылары жайлы

©Барыс ХК

"Барыс" ойыншылары "Куньлунь" клубына ірі есеппен ұтылған соң қателіктерімен жұмыс істеді. Бұл туралы бас бапкер Андрей Скабелка "Адмиралмен" өткен ойыннан кейін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Жігіттерге ризамын. Өткен матчта "Куньлуньге" ұтылған соң сабақ алды. Өз қателіктерімен жұмыс істеді. Бұл жолы динамика жақсы болды. Мүлдем басқаша ойнады. Әрине кездесудің басынан аяғына дейін толыққанды қателіксіз ойнадық деп айта алмаймын. Ең бастысы жеңіске жеттік", - дейді Скабелка.

Еске салайық, "Барыс" өз айдынында Владивостоктан келген "Адмиралды" 3:1 есебімен ұтты. Осының арқасында елордалықтар Шығыс конференциясында 4-орынға дейін көтерілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport