1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Хоккей
Бүгін 16:40
 

Өскемендік “Торпедо” Англиядағы Құрлықтық кубокқа қатысады

  Пікірлер

blog.share

Өскемендік “Торпедо” Англиядағы Құрлықтық кубокқа қатысады ©Шайба.kz

Өскеменнің "Торпедо" хоккей клубы Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өтетін Құрлықтық кубокта өнер көрсететін болды. 

blog.share

Өскеменнің "Торпедо" хоккей клубы Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өтетін Құрлықтық кубокта өнер көрсететін болды. 

Турнир 14 желтоқсанда басталады. Жарыс форматы бойынша командалар екі топқа бөлініп, клубтар топтық кезеңде әрқайсысы бір-бірімен кездеседі.

Қазақстан командасы өз тобында франциялық "Анже Дакс" және даниялық "Хернинг Блю Фокс" клубтарымен шеберлік байқасады. Екінші топта жергілікті команда - "Ноттингем Пантерс", польшалық ГКС Катовице және латвиялық "Мого" ойнайды.

Тобында жеңіске жеткен командалар финалдық кезеңде алтын үшін бақ сынайды. Екінші орын алғандар күміс үшін, ал топтық кезеңде үшінші орын алған командалар - 5-ші орын үшін күреседі.

"Торпедо" ХК матчтарының кестесі (Астана уақытымен):

15 қаңтар, 19:30 - "Хернинг Блю Фокс" - "Торпедо"

16 қаңтар, 19:30 - "Торпедо" - "Анже Дакс"

Финалдық кезең:

17 қаңтар, 16:00 - 5-ші орын үшін матч

17 қаңтар, 20:00 - 3-ші орын үшін матч

18 қаңтар, 00:00 (17 қаңтар түнінде) - Финал

Естеріңізге сала кетейік, чемпиондық атағы бар "Арлан" клубы өткен маусымда Құрлықтық кубоктың финалдық кезеңіне қатысудан бас тартқан болатын. Осыған байланысты Халықаралық хоккей федерациясы көкшетаулық команданы турнирден шеттету туралы шешім қабылдады. Сондықтан биылғы додада олардың орнына күміс жүлдегер атанған "Торпедо" хоккейшілері бақ сынайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!