"Олардың пікірі дұрыс". "Барыстың" бас бапкері айтылған сынға қатысты

Сурет: "Барыс" ХК

"Барыстың" бас бапкері Юрий Михайлис наразы жанкүйерлердің сынына жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы ол қорытынды баспасөз мәслихаты кезінде айтып берді.

Қазақстандық клуб Шығыс конференциясында алтыншы, ал плей-офф кезеңде магнитогорлық "Металлургтен" ұтылды (2:4).

"Кей пікірлер дұрыс болар. Команда қалтырап қалды. Қыркүйек-қазанда. Қарашада чемпионаттағы ойын ойдағыдай болмады. Жанкүйерлер пікірінде шындық бар. Эмоция әрине буырқанып тұр. Деңгей жоғары. Бссшылық пен жанкүйерлер сенімі. Олар команда мен бапкерлер штабына сенді. Кері пікірлер де болды, алайда, біз жұмыс істеп, жеңіс үшін ойнауға тырыстық", - дейді Михайлис.

Еске салайық, мұның алдында "Барыс" Гагарин кубогынан шығып қалған, ал жаңа маусым алдында бас бапкер бойынша бір шешімге келу керек.