Назаров "Барыс" және Қазақстан құрамасымен жақсы таныс, онда ешқандай қиындық болмайды - БАҚ

"Барыс" пен хоккейден Қазақстан құрамасын бұрын да жаттықтырған ресейлік маман Андрей Назаров ҚХЛ-ге қайта келуі мүмкін, - деп хабарлайды "Чемпионат".

"Андрей Назаров - бапкерлер үшін жас есептелетін 45-те ғана болғанымен ҚХЛ-де ең танымал және тәжірибелі мамандардың бірі. Назаров жұмысын сағынды, ал тәжірибе мен кәсіби біліктілігі бір басына жетерлік. Андрей Скабелка "Барыстан" нақты кететінін ескерсек, "барыстарды" жаттықтыратын бапкер қызметіне Назаров басты үміткер. Қазақстан құрамасының негізгі командасы және ұлттық құраманың өзімен де жақсы таныс, сондықтан онда ешқандай қиындық болмайды", - деп жазады БАҚ.

Еске салайық, 6 сәуірде қазақстандық "Барыс" хоккей клубы жаңа бапкер қарастыратынын хабарлады. Ал команданы осы уақытқа дейін жаттықтырған Андрей Скабелканың келісімшарты 30 тамызда аяқталады. "Барыс" Қазақстан құрамасын қатар жаттықтырған белоруссиялық маманмен келісішартты ұзарту бойынша келісімге келе алмады.