"Мүмкіндіктерін пайдаланып кетті". "Барыс" бапкері Гагарин Кубогіндегі матчтан кейін пікір білдірді

©Барыс ХК

"Барыс" бас бапкері Юрий Михайлис "Металлургпен" өткен екінші ойыннан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Біз үшін ойын жақсы басталып еді. "Металлургтың" үлкен күшпен шабуылға шығатынына дайын болдық. Өкінішке қарай, қарсыласымыз мүмкіндіктерін пайдаланып кетті. Кейін тәртіп жағынан ақсап қалдық. Хоккейшілеріміз дөрекі ойнағаны үшін мұз айдынынан қуыла бастады. Соның салдарынан қақпашымызға көмектесе алмадық. "Металлургтың" шайбаларына бөгет бола алмадық. Бұл жолы оларға тойтарыс беруге шамамыз жетпеді", - дейді бапкер.

Еске салайық, Магнитогорскідегі матч 6:2 есебімен ресейлік клубтың пайдасына аяқталды. Осылайша, екі кездесудің қорытындысы бойынша таразы басы теңесіп отыр.

Енді Гагарин Кубогінің плей-офф ойындары наурыз айының 5 және 7 күндері елорда төріндегі "Барыс Аренада" өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport